Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназиясы " КММ

МЕНЮ
 
2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында оқушылар мен тәрбиеленушілерге арналған жаңа ұлттық тамақтану стандарттары қолданысқа енгізілді. Бұл стандарттардың негізгі мақсаты – балалардың денсаулығын сақтау, дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру және білім беру ұйымдарында сапалы, қауіпсіз тағаммен қамтамасыз ету.
Ендігі уақытта мектептер мен балабақшаларда:
✅ Тұз, қант және май мөлшері қатаң шектеледі;
✅ Жасанды қоспалар, дәм күшейткіштер мен бояғыштарға тыйым салынады;
✅ Мәзірге табиғи өнімдер, көкөністер мен жемістер көбірек қосылады;
✅ Диеталық қажеттілігі бар балаларға жеке мәзір әзірленеді.
📌Медицина қызметкерлерінің рөлі қандай? Білім беру ұйымдарындағы медицина қызметкерлеріне арнайы әдістемелік ұсынымдар әзірленіп, бекітілді.
Олар:
🔹 Балалар денсаулығын бақылап отырады;
🔹 Перспективтік мәзірдің орындалуын тексереді;
🔹 Тамақтың сапасы мен қауіпсіздігін бағалайды (бракераж);
🔹 Балалар арасында дұрыс тамақтану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
🔹 Ерекше тамақтануды қажет ететін балалардың тізімін жасайды.
📌Бұл не үшін маңызды? Соңғы жылдары балалар арасында семіздік, диабет, асқазан-ішек ауруларының артуы – дабыл қағарлық жағдай. Сондықтан да дұрыс, теңгерімді, қауіпсіз тамақтану – баланың дамуындағы маңызды фактор.
📌 Есіңізде болсын!
🔸 Жаңа стандарттар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2025 жылғы №16 бұйрығы негізінде енгізіліп отыр;
🔸 Тамақтануға қатысты барлық процестер медицина қызметкерінің қатысуымен бақыланады;
🔸 Ата-аналар, педагогтар және әкімшілік бірігіп жұмыс істесе, балалардың денсаулығы мен болашағы сенімді қолда болады!
📢Жаңа стандарттар бойынша ақпаратты білім беру мекемелерінің ұжымдары мен ата-аналар қоғамдастығының назарына ұсынамыз.
 

Ішкі категориялар

© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназиясы " КММ